Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облысы «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуге партия белсенділері мен саяси кеңес мүшелері және бір топ аудан ардагерлері қатысты. Кездесу барысында бүгінгі таңда еліміздегі ардагерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек көлемі мен зейнет ақы төлеу жүйесі және басқа да жеңілдіктер әңгіме арқауына айналды. Аудан ардагерлері барлық мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен зейнетақыларын уақытылы алып жатқанын айтып, облыс, аудан басшыларына алғыстарын білдірді. «Үнемі ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың басын қосып, келелі кездесулер мен кеңестерге ұйытқы болып жүрген жергілікті партия филиалына ризашылықтарын білдірді. "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиялының баспасөз қызметі

0
0
102

Еще по теме

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz