ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: ОҚУ ОРНЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: ОҚУ ОРНЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихатына үміткер Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, Республикалық және облыстық Саяси Кеңес мүшесі, Мақтарал ауданының құрметті азаматы Әбішев Нұралы және Қаржауов Талғат Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық педагогикалық колледжінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер ұстаздарды партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жиын соңында колледж қызметкерлері оқу орнының бірнеше жылдан бері күрделі жөндеу көрмегенін айтып, алдағы уақытта күрделі жөндеуден өтуге ықпал жасауын сұрады. Үміткерлер бұл мәселені бақылауға алатынынын және ықпал жасайтыны айтты.
