ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: ЭКСПРОМТ- КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: ЭКСПРОМТ- КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Nur Otan» облыстық мәслихатына үміткер Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, Республикалық және облыстық Саяси Кеңес мүшесі, Мақтарал ауданының құрметті азаматы Әбішев Нұралы және Ербол Ералиев «Береке» ЖШС-ның ұжымымымен ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ өткізді. Кездесу барысында үміткерлер партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, машиналық әдіспен Шардара су қоймасынан ағын су алу үшін каналды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;
шитті мақта өндірушілерді уақытылы субсидиялау мақсатында басым дақылдарды субсидиялау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қағидасына ұсыныстар енгізуге;
ирригациялық ағын су жүйелерін қалпына келтіру және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға;
аудандағы 210 тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіруге;
2025 жылға 8,1 мың шаруа қожалығына жанар-жағар май алуға, 6,3 мың шаруа қожалығына жеңілдетілген минералды тыңайтқыштар алуға, 2,8 шаруа қожалығына зиянкестерге қарсы қолданылған биоагенттерді, гербицидтерді алуға, 4,5 мың шаруа қожалықтарын мақта дақылын өндіруге субсидиялауды қолдауға;
асыл тұқымды уақ малдың санын 20,6 мыңнан 26 мың басқа дейін, асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал санын 134-тен 500 басқа дейін арттыруға;
2022 жылы Қарақай ауылдық округінде ет өңдеу кәсіпорнын ашуға;
2023 жылы Жаңаауыл ауылдық округінде 500 бас мал бордақылау алаңын салуға ықпал ететінін жеткізді.
