ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: «ӘДЕП КОДЕКСІН» САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ...
ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: «ӘДЕП КОДЕКСІН» САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ...
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының Бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелеріне "Nur Otan" партиясының Әдеп кодексін сақтау және ұстану ережелерін түсіндіру мақсатында жиналыс өтті. Жиынның мақсаты 2015 жылғы 05 қарашада "Nur Otan" Партиясы Саяси кеңес Бюросының қаулысымен бекітілген Кодекс 5 негізгі сала бойынша 19 жүріс-тұрыс ережесін қамтиды.
Осыған сәйкес, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағыт-бағдарын ұстануы, ұлттық заңнаманы сақтауы және қадірлеуі, қазақстандық патриотизмді дамытуы, партиялық тәртіпті бұлжытпай орындауы, сонымен қатар көпшілік мақұлдаған моральдық-этикалық жүріс-тұрыс нормаларына сай болу керектігі айтылды.
Бастауыш партия ұйымының төрағаларына алдағы сайлаудың іс-шара жоспарлары таныстырылды.
