ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық мәслихатына үміткер Н.Дәуренбек және Р.Басымбекова Қарой ауылы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер ауыл тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Жетісай аудандық орталық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге;
9 фельдшерлік-акушерлік пунктін салуға;
5 медициналық пункттерге және IV санаттағы жедел жәрдем бригадасына 23 автокөліктерін сатып алуға;
жыл сайын 10-ға жуық жас маман дәрігерге бюджет есебінен 1 млн. теңге көтерме жәрдемақы төлеуге;
17 дәрігердің (жалпы тәжірибелі 6 дәрігер, 2 окулист, 2 ЛОР, 3 акушер-гинеколог, хирург, неонатолог, онколог, дерматолог) тапшылығын шешуге;
жыл сайын 240 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға;
тұрғындарды (жыл сайын 18 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізуге ықпал ететінін жеткізді.
