Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: АУДАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: АУДАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Б.Исахов, Т.Қырықбаев және Жетісай аудандық депутаттығына үміткерлер Б.Ділдабаев, Г.Саржанова, Г.Убайдина,А.Мырзаханов, Т.Жұмағали, Н.Бектуреев Атамекен ауылы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер ауыл тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жаңа жұмыс орындарын ашу туралы талқылады.

2025 жылға дейінгі "Nur Otan " партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілгендей жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның ішінде:

• жылына 5 мың тонна май шығаратын цех қайта жаңғырту арқылы іске қосылады;

• тәулігіне 30 тонна макарон өндіретін цех ашылады;

• тәулігіне 150 тонна ұн шығаратын комбинат салынады;

Бұл шаралар 2 мыңнан астам жұмыс орнын құруға (орташа есеппен жылына 400), орташа жалақыны 93,4 мыңнан 140 мың теңгеге дейін арттыруға және жалпы жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

0
0
124

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: АУДАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ - Yvision.kz