ТҮРКІСТАН-ЖЕТІСАЙ: АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Джурумбетова Улжанат Серикбаевна және штаб басшысы Ә.Асауов штаб мүшелері К.Өмірбай, Ж.Тулеков т.б Жетісай қалалық емханасының ақхалатты абзал жандарымен кездесті. Емхана қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының аудан тұрғындары үшін атқарған қызметтеріне тоқталып жан-жақты түсіндірді. «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының бес жылға жоспарланған Сайлауалды бағдарламасындағы жеті басымдыққа тоқталып өтті. Емхана қызметкерлерін алдағы сайлауда бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Улжанат Джурумбетова
#NurOtangaДауысБер
#NurOtan
#JasOtan
#BizBirgemiz
#Jenimpazbol
