ТҮРКІСТАН-ТҮЛКІБАС: ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ДАМИ ТҮСЕДІ.
Бүгін үміткерлер "Ақсу Жабағылы" шипажайының ұжымымен "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша агитациялық кездесуін өткізді. Сайлауалды бағдарламадағы әлеуметтік және кәсіпкерлік саладағы 5 жылдың ішіндегі атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Кәсіпкерлерді қолдаймыз
Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, ауданадағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.
Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.
Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.
Аудан бойынша паспортталған 218 мекеменің 165 (яғни 75,7%) ғимаратында пандус орнатылған. Жыл соңына дейін пандус орнатуды 100%-ға жеткізу жоспарланған.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дербес, онлайн режимінде, қолдау, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;
балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 70%-ға дейін арттыруға;
2025 жылға 12 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға ықпал етеді.
Нәтижесінде егде жастағы және ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмір сүруі жақсарып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға кедергісіз орта орнайды, балаларды инклюзивті біліммен қамту 70%-ға артатындығы айтылды.
Түлкібас ауданындағы "Ақсу Жабағылы" оңалту-сауықтыру кешені 2006 жылдан бастап қайта жөндеуден өтіп, халыққа қызмет көрсетуде. 2007 жылдан бастап мемлекет меншігінен өтіп, жекешелендірілді. 2017-2020 жылдар аралығынан емделушілер санының көбеюіне байланысты койка саны 120-285-ке артқан. 2 ресторан типтес асханамен қамтамсыз етілген. Қазір бүкіл Қазақстан бойынша емделушілер әлеуметтік портал арқылы шипажайға сұраныс бере алатындай жағдай жасалынған. Емделушілер 4 мезгіл ас беріледі. Тренажер залы, су асты бассейні, омыртқа созу сияқты қызметтер көрсетіледі. Бұл мекемеде 120 қызметкер жұмыс істесе, соның 30-ы "Nur Otan" партиясының мүшесі болып табылады. Қазіргі таңда бұл мекеменің директоры Турабеков Мухтар Ералиевич. Үміткерлер жиын соңында мекеме қызметкерлерін 2021 жылдың 10 қаңтарында дауыс беруге шақырды.
