Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ТҮЛКІБАС: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ МЕН ӨМІР СҮРУ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ

Бүгін үміткерлер ХҚКО ғимаратында "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында үгіт-насихат кездесуін өткізді. Сайлауалды бағдарламада осы мәселелер таныстырылды:

Өмір сүру сапасын арттырамыз.

«Nur Otan» партиясы тұрғын үй алуға мүмкіндік жасай отырып, отбасы институтын нығайту қажет деп санайды.

Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды. Ауданда 1869 адам тұрғын үй кезегінде тұр (оның ішінде 386 көпбалалы отбасы, 974 әлеуметтік әлсіз, 71 жетім, 453 бюджеттік қызметкер).

Ауданда 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, олар:

T. Рысқұлова ауылында 1 көппәтерлі тұрғын үй (24 көппәтерлі) және Састөбе кентінде 2 үй (64 пәтер).

Сонымен қатар, Түлкібас кентінде 64 пәтерлі 6 тұрғын үй, 32 пәтерлі 3 тұрғын үй және 24 пәтерлі 1 тұрғын үй, Састөбе кентінде 64 пәтерлі 1 тұрғын үй, 32 пәтерлі 2 тұрғын үй және 24 пәтерлі 1 тұрғын үй, Бақыбек мөлтекауданында 64 пәтерлі 5 тұрғын үй және 32 пәтерлі 2 тұрғын үйдің, барлығы 21 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге ықпал етеді.

Осы шаралар нәтижесінде қазіргі таңдағы кезектегі 1128 отбасы немесе 60,3%-ы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрғын үй деңгейі бір тұрғынға шаққанда 19,9 м2 жетіп, тұрғын үймен тағы да 1104 отбасы қамтамасыз етіледі.

Халықтың әлеуметтік жағдайын арттырамыз

Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде, азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету – денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;

 демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;

 «Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды тартуға;

 әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесі 28,6%-ға төмендейді. Осы сайлауалды бағдарламада айтылған мәселелер "Ontustik" телеарнасының түсіріліміне беріліп, кандидаттар сұхбат берді. Халыққа қызмет көрсету орталығына жиналған аудан тұрғындары бірауыздан NUR OTAN-ды қолдайтындықтарын жеткізді.

0
0
118

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-ТҮЛКІБАС: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ МЕН ӨМІР СҮРУ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ - Yvision.kz