ТҮРКІСТАН-ТҮЛКІБАС: БІЛІМ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖОСПАР БАРЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Абай ат.мектеп-лицейінің директоры - Спабекова Қарлығаш Төрегелдіқызы агитациялық тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында Түлкібас ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасындағы дамудың жеті басымдығы қағидатының бірі әлеуметтік бағдарланған аудандағы білім саласына қатысты жоспарларды айтып өтті.
Білім беру сапасын арттырамыз
Барлық деңгейлерде сапалы білімге қол жеткізу – аймақтың әрі қарай дамуының маңызды шарты болып табылады.
Ауданда 60 мектеп, 72 мектепке дейінгі мекемелер бар. Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу көрсеткіші 100,0% құрады. Ауданда үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. Сондықтан оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға баса назар аударылатын болады.
Білім сапасын одан әрі арттыру үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді қояды:
2021 жылы Еңбекші ауылынан 200 орындықты Н.Тұрсынбеков атындағы мектеп пен Т.Рысқұлов ауылындағы өнер мектебінің жаңа ғимаратының құрылысын жүргізуге;
2022-2025 жылдары Жаскешу ауылынан 300 орындықты, Бахыбек ауылынан 300 орындықты және Жабағылы ауылынан 200 орыны балаларға, ал 100 орыны жарым-жан балаларға арналған 300 орындықты тәуліктік мамандандырылған шипажайлық жаздық лагерь құрылысын салуға;
Т.Рысқұлов ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы, Титов және Байтұрсынов атындағы мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге, Азаттық ауылындағы Ә.Науаи, Ғұбайдуллин, Дауан және Титов мектептеріне қосымша 150 орындық ғимарат құрылысының жалпы сметалық құнын (ЖСҚ) дайындауға;
білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын (компьютерлер санын 9+1, 2020 жылға бейнебақылау орнатуға 42225,0 мың теңге, оқушы жиһазы, жаңа модификациялы кабинеттер, көркем және оқу-танымдық әдебиет) нығайтуға, жоғары жылдамдықтағы интернет желісін қосуға;
1638 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуге (мектеп жасындағы оқушыларға киім, аяқ киім, ыстық тамақпен және тасымалмен қамтамасыз ету);
аудандағы мектептерді пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, жаңа модификацияланған кабинеттермен (химия, биология, физика) кезең-кезеңімен жабдықталуына;
2025 жылға дейін 1200 мұғалімді біліктілік арттыру курстарында (2021 жылы – 310, 2022 жылы – 280, 2023 жылы – 240, 2024 жылы – 210, 2025 жылы – 160 мұғалім) кезең-кезеңімен оқытуға;
қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 3424 дана, яғни 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге;
аудан көлемінде 4560 отбасы интернет желісіне қосылмаған, интернет желісіне қосылу үшін АО «Қазақтелеком» «Тrans Telecom» TOO Nano Tech Service диллерлік компанияларымен келісімшарт жасап, интернет тапшылығын жою жұмыстарын жүргізу ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай ҰБТ-да 100 және одан көп балл жинаған мектеп түлектерінің үлесі 12%-ға артады.
Осы бағытта білім саласына қатысты 5 жылда атқарылатын жұмыстармен таныстырды.
