Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ТҮЛКІБАС: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Бүгін үміткерлер - Қ.Спабекова, Р.Қарақұлов "Есіктен есікке" акциясы шеңберінде Т.Рысқұлов ауылы тұрғындарымен, жеке кәсіпкерлермен үйме-үй аралап, партияға дауыс беруге шақырды. Агитеция кезінде "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасындағы 5 жылдың ішінде атқарылатын бірқатар мәселелерге тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аудан тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.

Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәсесі ерекше және өзекті болып отыр. Ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады. Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Соның нәтижесінде бес жыл ішінде дәнді дақылдардың өнімділігін гектарынан 22 центнерден 25 центнерге, майлы дақылдарды 10,5 центнерден 12 центнерге арттырылатындығын хабардар етті.

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-ТҮЛКІБАС: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ - Yvision.kz