Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ТӨЛЕБИСАЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясының Төлеби аудандық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Осыған орай, аудандық штаб төрағасы, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансейтов аудандық БАҚ құралдарына арнап арнайы мәжіліс өткізді.

Штаб төрағасы сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де басталғанын хабарлай келе, аудандық штаб алдағы науқанға толық дайындығы туралы айтты.

Праймеризге қатысу үшін Төлеби ауданы бойынша 69 кандидат тіркелген болатын. 69 кандидаттың ішінде:

бастауыш партия ұйымдарынан –14 ( 20,2 %);

өзін-өзі ұсынған –55 (79,7%);

әйелдердің үлесі -24 (34,8%);

жастардың үлесі –17 (24,6%) құрады;

Әртүрлі себептермен 6 кандидат праймеризге қатысудан бас тартып, 63 адам қалған.

Оның ішінде 34 – адам праймериз жеңімпазы, 5 - адам партия филиалының квотасы бойынша.

Штаб құрамына 16 адам бекітілді. Штабтың жетекшісі Қансеитов Қуанышбек Үсіпәліұлы, штабтың орынбасарлары Дуйсебаев Сержан Дауылбайұлы және Бекмұрзаев Сейт Дәуітбекұлы. Бұл біздің Төлеби тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттығына 34 кандидат. Штабтың 16 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие. Төлеби аудандық штабта қоғамдық –саяси жұмыс секторы, ұйымдастыру бөлімінің секторы, қоғамдық қабылдау,қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету секторы, заңгерлер жұмыс істейді. Партияның белсенді мүшелері мен жақтастарынан тұратын тізім және аудандық мәслихатқа үміткерлердің үгіт –насихат жүргізетін сайлауалды тізімі құрылды. Төлеби аудандық филиалы басшылығының қатысуымен 134 іс – шара, 24 көшпелі іс – шара өткізуді, 21 240 адамды қамту жоспарлануда, оның ішінде 16 тікелей және 24 онлайн форматтағы кездесулер бар.

«Нұротандықтар» Партияның 7 бағыттан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады. Партияның басты ұраны: «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!».

Сонымен қатар, штаб жанынан белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру үшін «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері мен партияның жас жақтастары белсене атсалысып, партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жедел ақпарат таратын болады.

Елдегі болып жатқан пандемияны ескере отырып, барынша сақтық шараларын ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу керектігін ескерті.

10 желтоқсаннан бастап «Nur Otan» партиясының nurotan2021.kz арнайы сайты іске қосылып, онда барлық сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізімдер жарияланды.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі

4
0
182

Еще по теме