Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ТӨЛЕБИ: «ҚАМҚОРЛЫҚ» – САУАБЫ МОЛ ЖОБА

«Адам баласы білімді болуы үшін – үш қасиет қажет: кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім» - деген екен. Сол секілді, осы үш қасиет те бір адамның бойынан табылуы сирек кездесетіні бәрімізге аян. Аудан көлеміндегі қайырымдылық іс-шараларда өзінің демеушілігімен, бастамашылдық секілді қасиеттерімен танылып жүрген «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудандық кадрлық резервтің мүшесі, Киелітас ауылдық округіне қарасты, Ақайдар ауылындағы «Hanbi’bi Ana» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі, Нұрмаханова Ғазиза Қалмақанқызының жақсылығы жөнінде сөз қозғамақшымыз.

Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдың басты бағдарламасы, «Nur Otan» партиясының бастамашылдығымен «Қамқорлық» атты бағдарлама еліміздің түкпір – түкпірінде кең көлемде жүзеге асуда. Аталған бағдарлама шеңберінде ауданымызда қызу жұмыс атқарылуда. Соның бір дәлелі, бүгін Ақайдар ауылының тұрғыны, көп балалы ана, күміс алқа иегері Ұ.Бейсеноваға 8-наурыз мерекесіне орай, балабақша меңгерушісі Г.Нұрмаханова арнайы ат басын бұрып, өзінің демеушілігімен аталған отбасыға азық-түлікпен, сый-сыяпаттарымен барып, мерекелерімен құттықтап қайтты. Сонымен қатар, партия белсендісі Ғ.Нұрмаханова аталған отбасының ұлын өзі басқарып отырған балабақшаға ақысыз тіркеліп, тәрбиеленуіне, өзінің қамқорлығында болатынына уәде берді.

Сөз соңында, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - демейді ме қазақта. Сол секілді, осындай игі істердің басында жүрген ауданымыздың азаматтары мен азаматшалары жөнінде сөз қозғағанымыз орынды деп ойлаймыз.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы

0
0
124

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-ТӨЛЕБИ: «ҚАМҚОРЛЫҚ» – САУАБЫ МОЛ ЖОБА - Yvision.kz