ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ҚҰРЫЛЫС КӨЛЕМІ АРТҚАН
Түркістан облысы Шардара қаласында жалпы 1394 пәтерді құрайтын 74 көпқабатты тұрғын үй бар. Аталған үйлерде 5600-ге жуық тұрғын тұрады. Бұл қала халқының 16 пайызына тең. Тұрғын үй қорын жаңғыртуға сәйкес, 2017 жылы Шардара қаласында 8, ал 2019 жылы 6 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.
Сонымен қатар, жол құрылысы саласы бойынша 2020 жылы Шардара ауданында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы – 18,04 шақырымды құрайтын 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда Көксу ауылдық округі мен Алатау батыр ауылдық округінде жалпы саны 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтбетон төселген.
Былтыр Шардара ауданында есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 6 467,3 млн. теңгені құраған. 15 861 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 130,8 пайызға артқан. Бұдан бөлек өткен жылы 5 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 4-еуі пайдалануға берілсе, 1 нысанның құрылысы 2021 жылы пайдалануға берілуі жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі