ТҮРКІСТАН-САРЫАҒАШ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Штаб төрағасы сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де басталғанын хабарлай келе, аудандық штаб алдағы науқанға толық дайындығы туралы айтты.
Штаб құрамы білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдерін құралған жалпы 17 адаммен қамтылған.
«Нұротандықтар» Партияның 7 бағыттан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады. Партияның басты ұраны: «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!».
Саяси науқанға партия атынан біздің ауданда облыстық мәслихатқа 10, аудандық мәслихатқа 44 кандидат қатысады. Сонымен қатар, штаб жанынан белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру үшін «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері мен партияның жас жақтастары белсене атсалысып, партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жедел ақпарат таратын болады.
Елдегі болып жатқан пандемияны ескере отырып, барынша сақтық шараларын ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу керектігін ескерті.
10 желтоқсаннан бастап «Nur Otan» партиясының nurotan2021.kz арнайы сайты іске қосылып, онда барлық сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізімдер жарияланғанды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі
