Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН - САРЫАҒАШ:КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ «NUR OTAN»-ды ҚОЛДАЙДЫ

Штаб мүшелері мен үміткерлер Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басым-бағыттарына тоқталып, партияның «барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа міндеттерді бірге жеңіп шығатынына сенімі мол екенін жеткізді жиынға қатысқандарға.

Е.Қанжігітов, «Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады. Біздің міндетіміз – Сарыағаш ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау» деп партияның бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, алдағы сайлауда бірауыздан партияға сенім білдіріп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Кездесуге қатысқан колледжі ұжымы өз ойларын ортаға салып, басты мақсат елді мекендерді көркейту жайы айтты.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
191

Еще по теме

ТҮРКІСТАН - САРЫАҒАШ:КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫ «NUR OTAN»-ды ҚОЛДАЙДЫ - Yvision.kz