ТҮРКІСТАН-САРЫАҒАШ"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Кездесу барысында үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырып, аумақ бойынша түйіткүлді мәселелер тізімінде тұрған ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Партия бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау мақсатында аймаққа алдағы бес жылға арналған жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттау үшін 2024 жылы Жылға ауылдық округі Жылға ауылынан спорт алаңының құрылысына; 2025 жылы Жылға ауылдық округі Нұрауыл ауылынан спорт алаңының құрылысына; ұлттық спортты дамытуға (көкпар ойындары, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, еркін күрес және т.б.) ықпал ететін болады.
Нәтижесінде ауданда 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 28%-ға, денешынықтырумен шұғылданатын азаматтарды қамту 42,0%-ға дейін ұлғаяды.
Бағдарлама халықтың өмір сүруін жақсартуға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
