Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН - САРЫАҒАШ:АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

Ынтымақ ауылының Аппаз ата және О.Ермұхамедұлы көшелерінің тұрғындарымен өткен кездеуде партиялықтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, аудандық филиалдың алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасын сайлаушыларға таныстырды.

Бағдарламаға сәйкес: Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Соның нәтижесінде 5 жылда ауыл шаруашылығы салаcында 40 жобаныжүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасын қолға алып, іске асыру жоспарлануда. Аталмыш округте жылыжайды дамыту саласы алғашқы орындардың бірінде. Партияның бағдарламасында көрсетілген 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылыжайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайтуға ықпал ететін бірден бір өңір Жартытөбе екенін айтқан үміткерлер сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын көз жеткізген тұрғындар, алда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
191

Еще по теме

ТҮРКІСТАН - САРЫАҒАШ:АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz