ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: ЖЫЛЫНА 652 ПЕДАГОГ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН БОЛАДЫ
Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. Осы мақсатта еліміздегі саяси жетекші «Nur Otan» партиясы аудандағы білім сапасын арттыруды басым бағыттардың бірі ретінде сайлауалды бағдарламасына енгізіп отыр. Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының ұжымымен кездескен «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Аралбай Асан мен Наятулла Бөрібаев партияның білім саласы бойынша алға қойған міндеттері жайында айтып өтті.
«Nur Otan» партиясы аудандағы білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аудармақ. Бұл үшін партия 2025 жылға қарай 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтуға қол жеткізуге, аудандағы 5 мектепті (Т.Ибрагимов, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, №4 лицей-интернат және «Темір» орта мектебін) күрделі жөндеуден өткізуге, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында математикалық және гуманитарлық бағыттарда ҰБТ-ға оқушыларды дайындайтын екі оқыту орталығын ашуға, жылына 652 педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға, 8 мектепті (2021 жылы Көкмардан, С.Әшіров, 2022 жылы М.Шаханов, Қ.Мұңайтпасов, 2023 жылы Темір, Отырар, 2024 жылы Т.Ибрагимов пен Ы.Алтынсарин) кезең-кезеңмен робототехника, жаңа модификациялы кабинеттермен (химия, биология, физика) жабықтауға, жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар құрамы үлесін 97,4%-дан 100%-ға жеткізуге, қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік 1288 осал топтағы отбасындағы 2403 баланы үйде онлайн режимінде оқытып, оның 100%-ы компьютерлік техника және интернет желісімен қамтамасыз етуге, Темір, Қарғалы ауыл округтерін толықтай интернет желісімен қамтамасыз етуге, білім саласында қашықтықтан білім беруді дамыту үшін кең жолақты интернет желісінің мүмкіндіктерін толық пайдалануға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай 1 мен 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтылады, аудандағы оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайып, білім беру сапасы артады, жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар құрамының үлесі 100%-ға жетеді деп күтілуде.
Елімізде ұстаздар мәртебесін арттырып, білім сапасын көтеруге әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының көңілдерінен шыққанын айтқан ұлағатты ұстаздар алдағы саяси науқанда партияны қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.
