Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бүгін «Nur Otan» партиясынан Отырар аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер А.Құрман, М.Манапов, Г.Тукушева «Отырар-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Аудан орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын ағайынның жиі көтеретін мәселесі қыс мезгіліндегі жылудың дұрыс берілмеуі еді. Енді бұл мәселе түбегейлі өз шешімін тапқалы тұр десек те болады. «Nur Otan» партиясы Шәуілдір ауылындағы 24 көпқабатты тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандардың жылу жүйесінің (қазандық құрылыс, жылу жүйесін қайта құру) жаңа құрылысын жүргізуге ықпал етпек.

Жалпы Шәуілдір ауылындағы 24 көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың орталық жылу жүйелерін жылыту үшін 2 дана термалды ыстық су ұңғылары пайдаланылып келген. Дегенмен, қыс айларында су қорының дебеті төмендеп, орталықтандырылған жылу жүйесіне толық қызмет көрсету мүмкіндігі болмауынан нысандардың жылуы азайып, едәуір қиындықтар туғызған болатын. Осы түйткілді мәселені шешу үшін аудандық бюджет есебінен орталықтандырылған жылу жүйелерін қайта құру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар дайындалып, конкурс өткізілді. Конкурс нәтижесінде «Көлсай Строй» ЖШС жеңімпаз деп танылып, көптен күткен жаңа жобаның құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Бүгінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік мәдени нысандарды жылыту үшін жылу қазандығын салу және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыс жобасы бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Жобада жалпы қуаттылығы 10450 кВт болатын 3 дана Вuderus (BOSCH) қазандықтары мен модульді «Виктория» қазандық ғимараты қаралған.

Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту арқылы олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және баспана алу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайтынын атап өтіп, сайлаушыларды партияны қолдауға шақырды.

0
0
134

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ - Yvision.kz