ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУҒА КҮШ САЛАМЫЗ
Отырарда «Nur Otan» партиясының «Есіктен-Есікке» акциясы жалғасуда. Акция аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Сыздықәлі, Н.Бөрібаев, Д.Ақсақаловтар Аққұм ауылының тұрғындарымен кездесіп, талап-өтініштерін тыңдады. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың әлеуметтік бағдарланған аудан бағытына тоқталды.
Өз сөзінде: «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші. Біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш саламыз»,-деген үміткерлер медицина және білім салаларына қатысты партияның алға қойған міндеттерін атап өтті.
«Nur Otan» партиясы Аққұм, Талапты ауылдарында медициналық амбулатория және Шытты ауылында фельдшерлік-акушерлік бекет салуға ықпал етуге, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуге (мектеп жанындағы оқушыларға киім, аяқ киім, ыстық тамақпен және тасмалмен қамтамасыз ету), қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік 1288 осал топтағы отбасындағы 2403 баланы үйде онлайн режимінде оқытып, оның 100%-ы компьютерлік техника және интернет желісімен қамтамасыз етуге, білім саласында қашықтықтан білім беруді дамыту үшін кең жолақты интернет желісінің мүмкіндіктерін толық пайдалануға ықпал жасауға уәде етті.
Басқосуда партияның нақты істерге бағытталған сайлауалды бағдарламасына көңілдері толған тұрғындар алдағы саяси науқанда «Nur Otan»-мен бірге екендіктерін жеткізді.
