Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: 2025 ЖЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ 2,5 ЕСЕ ӨСЕДІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мырзахан Манапов пен Абай Құрман Көкмардан ауылындағы «Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, еркін форматта әңгіме құрды.

Кездесуде халық пен билікті байланыстырып, өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне үлес қосып келе жатқан еліміздегі саяси жетекші партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, пікір алмасты. Кандидаттар атқарылар істердің барысымен бөлісіп, алда келе жатқан сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.

«Отырар-Сүт-Ет» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында 2013 жылы іске қосылған болатын. Кәсіпкер Н.Ахаев төрағалық ететін Кооператив тәулігіне 5 тонна сүт, 1 тонна ет өңдеуге қауқарлы. Мұнда қазір жалпы саны 25 адам тұрақты жұмыс атқарады. Айта кету керек еліміздегі коронавирустық пандемия жағдайында да аталған кәсіпорын өз жұмысын тоқтатқан емес. Ел басына күн туғанда аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіріп, ет, сүт өнімдері мен азық-түлік пакеттерін таратуға демеушілік жасап келеді.

Басқосуда кандидаттар аймақта инвестициялық жобалар мен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі «Nur Otan» партиясының ауданды дамытуға арналған 7 басымдығының экономикалық тұрақты аудан бағытына тоқталды. Бұл бағыт бойынша партия ауданда түйе сүтін өңдеу (қуаттылығы тәулігіне 1 тонна) кәсіпорынын ашуға, ірі қара малдың санын 10%-ға немесе 5 100 басқа көбейтуге, ұсақ мал басын 10%-ға немесе 35,7 мың басқа, жылқыны 3,5%-ға немесе 6,2 мың басқа, түйені 2%-ға немесе 1,2 мың басқа, құсты 8,5%-ға немесе 6,7 мың басқа дейін көбейтуге ықпал етеді. Осы шаралар нәтижесінде ет өндірісі 1800 тоннаға, сүт өнімдері 3300 тоннаға, жұмыртқа 1,2 млн. данаға артады. Нәтижесінде 2025 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе өседі.

Партияның нақты және айқын істерге бағытталған сайлауалды бағдарламасына сенім артқан сайлаушылар алдағы саяси науқанда «Nur Otan»-ға қолдау білдіретіндерін айтты.

0
0
118

Еще по теме

ТҮРКІСТАН-ОТЫРАР: 2025 ЖЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ 2,5 ЕСЕ ӨСЕДІ - Yvision.kz