kk
Default banner
Разное
426 297 постов48 подписчиков
Всяко-разно
0

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙМАҚТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Осыған орай «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Бейсен Тәжібаев БАҚ өкілдеріне арнап, баспасөз мәслихатын өткізді.

Брифингте сөз алған Бейсен Дәулетұлы 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталғанын хабарлады. Ол сондай-ақ облыстық филалдың саяси науқанға 100 пайыз дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, өңірімізде сайлауға байланысты барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалған.

«Облыстық-аймақтық сайлау комиссиясында біздің 632 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 536 адам праймериз жеңімпазы болса, 96 адам партия филиалының квотасына ие болғандар. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша біздің өңірлік сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамына 118 адам кірді. Бұл біздің өңір, қала тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар. Яғни, олардың арасында мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері бар. Штабтың 35 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие», – деді Бейсен Дәулетұлы.

Сондай-ақ штаб жанынан белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған 1000-нан астам белсенділері мен партияның жас жақтастары кірген. Ақпараттық бағытта да кәсіби мамандар штаб құрамына алынған. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жедел ақпарат таратпақ.

Сайлау қарсаңында партияның аумақтық және аймақтық филиалдарының конференциялары өткізіліп, барлық сайлауалды бағдарламалар бекітілді. 320 депутаттық мандаттық орынға 632 адамнан тұратын партиялық тізім жасақталды. Оның ішінде 31% әйелдер болса 21% – 35 жасқа дейінгі жастар. 83 азамат облыстық мәслихат депутаттығына кандидат. Партиялық тізімі 74%-ға жаңарып, кандидаттардың орташа жасы 40 жасты құрады. 7 үміткер Мәжіліске ұсынылды.

Жалпы Түркістан облысында 1 миллион 200 мыңға жуық сайлаушы бар. Олар 911 сайлау учаскеге біріктірілген. Оған партия атынан сенім білдірілген 2700-ге жуық азамат бекітіліп отыр. Сондай-ақ,жарты миллионға жуық сайлаушыны қамтитын 4400-ге жуық іс-шаралардың желілік кестесі жасақталған. Оның 40 пайызы онлайн форматта өткізілмек.

Осылайша, түркістандық «нұротандықтар» партияның 7 бағыттан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», – дейді партия белсенділері.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі