ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 90 ҮМІТКЕР САЙЛАУАЛДЫ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСАДЫ
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы облыстық және аудандық, қалалық мәслихаттарына «Nur Otan» партиясы атынан үміткерлерге арнап арнайы тренингтік семинар өткізді. Ондағы мақсат – үміткерлерді саяси науқанды өткізу технологиясымен таныстырып, сайлау туралы заң ережелерін сақтауға шақыру болатын.

Семинарға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, жиналғандарды саяси доданың жария, заңды, әділ өтуіне атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, ол сайлау туралы заңдылықтар мен ережелерді әрқашан назарда ұстау керектігін ескертті.
Семинар барысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Бекзат Біләлов, заңгер кеңесшісі Бағлан Қожанов, филиалдың баспасөз хатшысы Ғабит Сапарбековтер жиналғандарға сайлау ережелері, заңдылықтары, үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желіде жүргізу жайында ақыл-кеңестерін берді.
Айта кетейік, Түркістан облысында партияның аумақтық және аймақтық филиалдарының конференциялары өткізіліп, 17 сайлауалды бағдарлама бекітілген болатын. Сондай-ақ, 320 депутаттық мандаттық орынға 632 адамнан тұратын партиялық тізім жасақталды.
Үміткерлер әлеуметтік желіде, БАҚ беттерінде онлайн және офлайн кездеулерде партияның үгіт-насихат жұмысын жүргізуге атсалысады.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
