ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ҚҰРАМЫ 70 ПАЙЫЗҒА ЖАҢАРАДЫ
2021 жылы Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттар корпусы 70 пайызға жаңарады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында белгілі болды. Конференцияны облыс әкімі, партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев жүргізіп, биылғы праймериздің саяси сананы жаңғыртудағы маңызды қадам болғанын атап өтті.
