ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ЖЕР ЕМГЕН ШАРУАЛАР ПАРТИЯЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРЕТІН БОЛАДЫ
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Меруерт Даубаева, Ақмарал Телходжаева мен Тұрсынхан Ақылбеков жер-жерлерде тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Бүгін «Nur Otan» партиясының жүйелік кестесіне сәйкес үміткерлер «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елді мекенінде болып, Сайтакбар Мирзоевпен кездесті.
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, диханшылықтың жемісін татып келе жатқан азаматқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндіріліп, басым бағыттары таныстырылды. Несібесін Жер-Ананың төсінен теріп, отбасын асырап отырған ауылдағы шаруаларға агросекторда атқарылған, қол жеткізген жетістіктер дәріптелді.
Ауыл шаруашылығына қатысты «Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту үшін Мақтаарал ауданының шекара маңындағы орналасу әлеуеті мен артықшылықтарын пайдалана отырып аудандағы шаруа қожалықтарына берілетін ағын судың баға тұрақтылығын сақтап, арзандатуға және 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 өңдеуші кәсіпорын ашуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 5 жылда 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейін 5,1%-ға төмендетіледі, орташа айлық жалақы 187 мың теңгеге жетеді деп жоспарлануда.
Партияның алдағы 5 жылға жасаған жұмысын жоғары бағалаған ардагер дихан алдағы сайлауда «Nur Otan»-ға отбасымен дауыс беруге, қолдау көрсетуге уәде етті.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
