ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ЖАЙЛЫБАЕВТА ДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ
ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ЖАЙЛЫБАЕВТА ДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева мен Ақмарал Телходжаева Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекенінің тұрғыны Нұралы Исағұлдың үйінде болды. Бүгінде зейнеткерлік жастағы Нұралы ақсақал округтің қлғамдық істерінде белсенді, жасөспірімдердің тәрбиесінде атсалысып жүр.
«КАНВАССИНГ» шарасы аясында өткен шарада үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басымдықтарына тоқталды. Құрылған күнінен бастап партия белсенділерінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесін айтып, 10 қаңтар күні болатын сайлауда қолдау білдіруге шақырды.
Ауыл тұрғыны тарапынан елді мекендерді газдандыру мен кәсіпкерлік саласын дамыту мәселелері көтеріліп, сұрақтар қойылды. Жүздесу барысында әңгімеге арқау болған салалар бойынша атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарымен бөлісті.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
