Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ «NUR OTAN»-ҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Еліміздің мәдени-этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда түрлі конфессия мен деноминация, сондай-ақ, ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден-бір мысалы.

Бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуының тағы бір күші – ұлтаралық татулықта. Міне, осы бір қиын әрі қастерлі ынтымақты сақтап, 130-дан астам ұлт пен этнос өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіру «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан келді.

Бүгінде 5 мәдени орталық жұмыс жүргізіп отырған Мақтаарал ауданының тұрғындары – неміс ұлтының өкілі Любовь Пасова, украин ұлтының өкілі Татьяна Лахно, орыс ұлтының өкілдері Вера Сильнова мен Вера Лукиналар «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын білдіріп, аудандық сайлауалды штабқа келді. Мұнда жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлермен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен танысты. Партияның бастамасымен жүзеге асқан ілкімді істерге оң бағасын беріп, алғыстарын айтты. Өйткені, қазақ жерін мекен еткен әрбір ұлттың өкілдеріне өздерінің тарихы мен мәдениеті, ана тілдері мен салт-дәстүрлерін дамытуда, келешек ұрпақтарына мұра етіп қалдыруда кеңінен жағдайлар жасалған.

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
105

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ «NUR OTAN»-ҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ - Yvision.kz