Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҰСТАЗДАР ДИНАСТИЯСЫ ДА ПАРТИЯҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекенінің тұрғыны Нұрбол Әжіғалиевтің шаңырағында болды. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Бүгінде ауыл мектебінде химия-биология пәнінен дәріс беретін отағасының жұбайы Аида да педагог. Математика пәнінен сабақ береді. 4 перзенттері бар. Нұрболдың әкесі Жорабай Беспаев та, анасы Роза Мыңбаева да ұстаздық жолды таңдаған жандар. Бұдан бөлек педагогика саласында еңбек етіп жүрген 2 әпкесі мен 1 інісі тағы бар. Әкеден балаға жалғасып келе жатқан ұстаздық мамандықтарын қадірлейтін Нұрбол Жорабайұлы «Nur Otan» партиясының бастамасымен педагогтарға жасалып жатқан қамқорлықтар мен мүмкіндіктерге, мемлекеттік бағдарламалар аясында елді мекендерде жасалып жатқан ілкімді істерге жоғары бағасын беріп, алғысын айтады. Өйткені, аталмыш елді мекенде тұрғындар үшін ең қажетті мәселе саналатын жол, ауыз су, электр жарығы мен тік дренаждардың қалпына келтірілуі кезең-кезеңімен толық шешілген. Ендігі мәселе – карантиндік режимге байланысты қиындық туғызып отырған интернет жылдамдығы жақсарса дейді.

Кездесуде көтерілген мәселеге байланысты «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы осы жылдан бастап қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 1 971 дана, яғни, 30% компьютерлік техника және интернет желісімен қамтамасыз етуге, шекаралық аймақта орналасқан елді мекендерге соңғы үлгідегі кеңжолақты интернет желісін орнатуға, жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлесін арттыру мәселесін шешуге ықпал ететіндігін жеткізген кандидаттар 10 қаңтар күні болатын сайлауда партияға дауыс беруге шақырдым.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
190

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҰСТАЗДАР ДИНАСТИЯСЫ ДА ПАРТИЯҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ - Yvision.kz