Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: САУЫҚТЫРУ КЕШЕНДЕРІНІҢ САНЫ АРТПАҚ

2021 жылдың 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау күні тәуелсіз елімізді дамудың жаңа белестеріне бастап, тарих шежіресінде өзіндік орын алатын болады. Жауапкершілігі жоғары бұл сәтке әр партия өзінің жоспарын жасап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Айтулы саяси додаға «Nur Otan» партиясы да өз лидерлерін ұсынып, халықтың қолдауына ие болуда.

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына «Nur Otan» партиясынан ұсынылған үміткер, педагог Гүлмира Орақбаева бүгін Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенінің тұрғыны Дауылбай Полатовпен жүздесті. Партияның жүйелік кестесіне сәйкес «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада кандидат партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап елге тынымсыз еңбек етіп, көптеген бағдарламалардың бастамашысы болған партияның атқарған жұмыстарын дәріптеп, жоспарларымен бөлісті.

Ақсақалмен өткен кездесу барысында ауыл жастары арасындағы жұмыссыздықты жою, спорт алаңшаларының санын арттыру мәселелері сөз болды.

Партия алдағы 5 жылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушы жас мамандардың санын арттырып, округтердегі шаруа қожалықтарымен меморандум жасау арқылы және кәсіпкерлікке берілетін мемлекеттік гранттар санын арттырып жастарды тұрақты жұмысқа орналастыруға ықпал етпек.

Сонымен қатар, партия елді мекендерде спорт объектілерін, оның ішінде денешынықтыру-сауықтыру кешендерін, спорт және «Workout» алаңдарын қайта құру, салу мәселесін шешуге атсалыспақ.

Осындай бастамаларды көтеріп, арнайы жоспар жасаған партияның жұмысына жоғары баға берген Дауылбай Полатов 10 қаңтарда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге уәде етті.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
110

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: САУЫҚТЫРУ КЕШЕНДЕРІНІҢ САНЫ АРТПАҚ - Yvision.kz