ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ержан Сыдықов пен Меруерт Даубаева тұрғындарды жеке және қоғамдық мәселелерімен қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғыны Жақып Серікбаев болды. Көпбалалы отбасының отағасы өзінің тұрақты жұмысы жоқ екендігін айтып, әлеуметтік көмек сұрады. Күні бүгінге дейін жалдамалы жұмыстарды істеп, күнелтіп келген азамат мүмкіндігінше тұрақты жұмыс болса дейді.
Тұрғынның айтқан өтініштері хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелерге сұрау салынды. Нәтижесі бақылауға алынды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
