ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – СЕНІМ АЛАҢЫ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Салман Дүкенбаев бүгін кезекті қабылдауын өткізді.
Қоғамдық қабылдауға келген Мырзакент кенті, Панфилов көшесінің тұрғыны Асия Алипбаева «Nur Otan» партиясынан баспана мен әлеуметтік көмек сұрай келіпті. 4 баланың анасы осыдан бірнеше жыл бұрын баспана кезегіне қойылғанын, әйтсе де, күні бүгінге дейін кезегінің жылжымағанын айтады. Күні бүгінге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келе жатқан Асия әлеуметтік көмек көрсетуін де өтінді.
Ал, Достық ауылдық округінің Достық ауылынан келген Сейдахмет Мирамонов үй салуға жер учаскесін сұрай келіпті. Бүгінде 3 перзенттің әкесі өз баспанасының жоқтығын, баспана салғысы келетінін, ауылдық округтен тұрғын үй учаскесін алуға көмек беруін сұрады.
Аталған мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті лауазымды тұлғаларға сұрау салынатын болады.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
