Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» ҚЫЛМЫСТЫ АЗАЙТЫП, ҚАУІПСІЗ АУДАН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әділ Жұмаділлаев пен Жасұлан Қолдасов Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесуге келгендермен еркін форматта әңгіме құрып, ұсыныстарын тыңдады. Пікірлерін білді. Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі бағыттарын түсіндірді. Алдағы 5 жылда атқарылар жұмыстардың жоспарымен бөлісті.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлермен өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселелерін алға тартып, жұмыс барысын күшейту керектігін айтты.

Тұрғындар қозғаған тақырыптарға байланысты «Nur Otan» партиясы 2021 жылы 10 ауылда, 2022 жылы 13 ауылда көше жарығына қол жеткізіп, 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылдарда 75 көшеге жарық диодты шамдар мен тіректер орнатуға, ауданға қарасты ауылдарда 16 бейнебақылау камераларын орнатуға ықпал етеді. Нәтижесінде көшелерде жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтар, ұрлық, әлімжеттіктің саны азаятын болады. Бұл партияның бастамасымен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бір бөлігі ғана.

Бұған дейін де көптеген бастамалардың жүзеге асуына күш салған «Nur Otan»-ның жұмысына жоғары баға берген тұрғындардың да таңдауы билік пен бұқараның ортасындағы дәнекер болып келе жатқан партияға тоқталып отыр.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
116

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» ҚЫЛМЫСТЫ АЗАЙТЫП, ҚАУІПСІЗ АУДАН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ - Yvision.kz