ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА КҮШ САЛАДЫ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Гүлмира Орақбаева мен Айгерім Қалыбекова «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Ақ жол елді мекенінің тұрғыны Хадиша Кәрімбаевамен жүздесті.
Бүгінде ел арасында абыройы артып, талай-талай отбасыға үлгі бола білген Хадиша апай елдегі болып жатқан оң өзгерістер мен жасалып жатқан жұмыстарға, жүргізіліп жатқан саяси ұстанымдарға оң бағасын берді. Көзқарасы да дұрыс.
«Өйткені, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағыдай жоқшылық пен кедейшілік елде жоқ. Саяси тұрақты, ұлтаралық татулық мығым. Ертеңгі күнге үреймен емес үмітпен, жақсы жоспарлармен қараймыз. Перзенттеріміз бен немерелеріміздің болашағының жарқын боларына сенімдіміз» дейді Хадиша Кәрімбекова.
Десе де, ұл-қыздарын жайғастырған кейуана немерелерінің шәкіртақысының, болашақ мұғалімдердің жағдайының жақсарғанын қалайтынын да жасырмады. Себебі, жақсы жалақы алатын маман ешқашан жемқорлыққа жол бермейді деген пікірде.
Айтылған мәселеге байланысты алдағы 5 жылда студенттердің шәкіртақысын 2 есеге, ал, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысын 1,5 есеге арттыруды көздеп отырған «Nur Otan» партиясы ұстаздар мен жаттықтырушылардың жалақысын 2 есеге дейін көбейтетінін жеткізген үміткерлер Хадиша апаға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ондағы жан-жақты қамтылған салаларды түсіндіріп, 10 қаңтарда болатын сайлауда билік пен бұқараның арасын байланыстырушы алтын көпірге айналған партияға дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
