ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» - СЕНІМ МЕН ҮМІТ ПАРТИЯСЫ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келушілердің қарасы қалың. Бұл – тұрғындардың партияға деген сенімінің күшейгенін, партияның мәселелерді оң шешуге ықпал ететіндігінің айғағы.
Аудандық сайлауалды штаб төрағасы Досым Асабаев өткізген қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі Иіржар ауылдық округіне қарасты Наурыз елді мекенінің тұрғыны Замира Илесова. Бұған дейін де бірнеше рет өтініші партияның араласуымен оңынан шешілген Замира бұл жолы көпбалалы аналарға жасалатын жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар жөнінде кеңес сұрай келіпті.
Қоғамдық қабылдауға келген осы ауылдың келесі тұрғыны Қызжібек Юлдашева жоғары және арнаулы орта оқу орындарын тәмамдап келген ауыл жастарын тұрақты жұмыспен қамту арқылы жас мамандарды ауылдарды көркейтуге жұмылдыру керектігін айтып, елді мекендерден шағын кәсіпорындарды ашу өтінішін ала келіпті.
Айтылған өтініштер хаттамаға енгізіліп, құқықтық кеңестер берілді.
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
