ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» – ҚҰРҒАҚ УӘДЕЛЕРДІҢ ЕМЕС, НАҚТЫ ІСТЕРДІҢ ПАРТИЯСЫ
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Алданияз Жолдасов пен Ералы Жұмаділов Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жантақсай елді мекенінің тұрғыны, еңбек ардагері Орынғали Бақтыбаевтың шаңырағында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес «КАНВАССИНГ» шарасын өткізді. Қариямен кездесу барысында қос кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ұсыныс-пікірін тыңдады.
Халықтың өтініштері мен ұсыныстарынан топтастырылып жасалған бағдарламада «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда атқаратын жұмыстарының жоспарын жасаған. Соның бір бағыты Мақтааралды тұрғындарға жайлы аудан ету. Ол үшін «Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыра отырып, «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыруды жалғастырады.
2025 жылға қарай ауыл инфрақұрылымын жаңғырту Мақтарал ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 5 жылда аудан тұрғындары таза ауыз су мен сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізетін болады.
Мұнан да басқа ауыл шаруашылығы, медицина, білім мен әлеуметтік салалардағы сапалы жұмыстарды жүргізуді жоспарлап отырған партияның басты ұстанымы – шынайылық пен ашықтық екенін айтқан кандидаттар Орынғали ақсақалды алдағы сайлауда «Nur Otan»-ды қолдап дауыс беруге шақырды.
««Nur Otan» – құрғақ уәделердің емес, нәтижелі істердің, саяси тұрақтылықтың, бірлік пен ынтымақтың партиясы» дейді үміткерлер.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
