ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» ЕШКІМДІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАЙДЫ
Бүгінде халықпен етене араласып, азаматтардың талап-тілектерін, шағымдары мен мұң-мұқтаждарын дер кезінде ескеріп, көптеген мәселелердің түйінін тарқатып, көкейдегі сауалдарға қашанда орынды ой, орнықты жауап қайтаратын «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды түрлі мәселелерімен қабылдау жалғасуда.
Аудандық штаб төрағасының орынбасары Әбдіманап Байдуллаев пен қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Салман Дүкенбаев жүргізген қоғамдық қабылдау барысында Мырзакент кенті, Жоба 2 көшесінің тұрғындары А.Ерімбетов пен Х.Молдабеков өздері тұратын көшеге Н.Қахановтың есімін беру жайлы, Еңбекші ауылдық округінің тұрғыны, еңбек ардагері Зулпыхар Қалжанов та округтердегі жаңадан ашылған көшелерге елге еңбегі сіңген сол ауылдың тумаларының есімін беру жайлы ұсынысын айтты.
Ал, сайлауалды штаб төрағасы Досым Тұрғанбайұлының қабылдауында болған Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғыны Сапарбай Көлбаев облыстық ауруханада көзін емдетуге қажетті құжаттарды туырлауға, медициналық сараптамалардан өтуге көмек сұрай келіпті.
Сондай-ақ, тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізген Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Меруерт Даубаеваға келген Жоба 1 көшесінің тұрғыны Ж.Надирова үйінің ескі шатырын ауыстыруға қаржылай көмек сұраса, кандидат Тұрсынхан Ақылбековке келген А.Қалыбеков ауылдық округінің тұрғыны Ұлбала Абдуллаева өртенген үйіне жөндеу жұмыстарын жұргізуге қаржыдай немесе материалдық жәрдем сұрай келіпті.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген тұрғындардың айтқан өтініштері мен ұсыныстары хаттамаға енгізіліп, жауапты сала мамандарымен тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
