Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫН АРТТЫРУҒА КҮШ САЛАДЫ

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Достық ауылдық округінің ақ халаттыларымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның алғашқы құрылған сәтінен бастап күні бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары мен бастамаларының нәтижелері жайында айтып, пікір алмасты. Бұқараның базынасын билікке жеткізіп, оң шешімін табуына ықпал ететін елдегі саяси күш, халықтық партия ретінде бағаланатын «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ондағы негізгі 7 басымдыққа кеңінен тоқталды. Алдағы 5 жылда партияның тікелей ықпалымен атқарылар жұмыстардың жоспарымен бөлісті.

Жыл басынан бері жаһандық дәрежеде басиалған covid19 пандемиясы мен вирусты пневмания індеттерін еңсеруде елден ерек қызмет етіп, күн-түн тынбай науқастарды емдеген дәрігерлер мединалық мекемелердің материалдық-техникалық базаларын нығайту, дәрі-дәрмек қорын жеткілікті дәрежеде нақтылау керек екендігін айтты. Өйткені, індеттің өршіген айларында аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауылдардағы науқастарға қажетті дәрі-дәрмек тапшылығы қатты сезілді.

Аудандағы денсаулық сақтау саласына қатысты айтылған ұсыныстар бойынша алдағы 5 жылда ауылдарда 3 медициналық пункт пен 10 санитарлық автокөлік сатып алуға көмек беруді және аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерде 12 дәріхана пунктінің ашылуына ықпал жасауды жоспарына енгізген «Nur Otan» партиясы аудандық аурухананы магниттік-резонанстық томография (МРТ) мен компьютерлік томографиялық ангиография (КТА) аппараттарымен қамтамасыз етпек.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандартқа сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдай отырып ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын тұрғындарға дәрі-дәрмекке деген қолжетімділікті қамтамасыз ету, адам өлімінің санын азайту жобалары бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізбек.

Аталмыш жоспарларды жүзеге асыру арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 72,6 жасқа жеткізуге ықпал етпек.

Округтің ақ желеңділерімен жүйелі жоспарлармен бөліскен үміткерлер алдағы сайлауда партияға қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
148

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «NUR OTAN» АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫН АРТТЫРУҒА КҮШ САЛАДЫ - Yvision.kz