Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ШЕКАРАЛАС АУЫЛДАРДА БОЛДЫ

10 қаңтар 2021 жыл. Бұл күн Қазақстан тарихында мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындап, жаңа бағдарламалардың бастау алатын күні. Бұл күнде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарын сайлайтын жауапты сәт.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев бүгін Иіржар ауылдық округігің Дихан елді мекенінде барды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Темірхан Иманбердиев ақсақалдың шаңырағында болып, қазыналы қариямен ауылдың, елдің жағдайы жайында сұхбаттасты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ұсыныстарын тыңдады. Сұрақтарына жауап берді.

Темірхан Исаұлы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, нәпақысын тауып отырған ауылда көкөніс сақтайтын қойма салу мен ауылдың ішкі жолдарына жөндеу жүргізу керек екендігін алға тартады.

Айтылған ұсыныстар мен өтініштер бойынша алдағы уақыттарда тиісті жұмыстардың жүргізілетінін айтқан үміткерлер тағы бірқатар мәселелер бойынша да құқықтық кеңестер берді. 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
105

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ШЕКАРАЛАС АУЫЛДАРДА БОЛДЫ - Yvision.kz