ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев пен мәслихат депутаттығына үміткер Ержан Сыдықов, Меруерт Даубаева мен Ақмарал Тельходжаева «Еңбекші» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен және Еңбекші ауылдық округінің тұрғындарымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесу барысында үміткерлер өз кезегінде мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына, партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдыққа тоқталды. Тиісінше түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Онлайн форматта өткен кездесу барысында кандидаттар тұрғындар тарапынан айтылған бірқатар мәселелерді талқылап, құқықтық кеңестерін берді. 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
