ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Меруерт Даубаева мен Динара Тұрғауытова Иіржар ауылдық округіне қарасты Азамат, Алаш, Азат, Иіржар ауылдарының тұрғындарымен экспромт кездесу өтті.
Тұрғындармен үй-үйді аралап емес, көше бойында тілдескен үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басымдықтарды түсіндірді.
Кәсіпкерлік, білім, ауыл шаруашылық, медицина салаларында атқарылып жатқан, атқарылуы жоспарланған мәселелер айтылып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Иіржарлық азаматтар көшелердегі жарықтандыру мен интернет желісінің нашарлығы сөз болды.
Айтылған әрбір ұсыныстар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Үміткерлер тұрғындарды алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
