Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН – МАҚТААРАЛ: МӘЖІЛІС ҮМІТКЕРІ МАҚТААРАЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

«Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Мөлдір Бақытжанқызы мен Мақтаарал аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева мен Гүлмира Орақбаева «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Мырзакент кентінде еңбек ардагерлерінің үйлерінде болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап еркін елдің шаңырағын көтерісіп, уығын қадасқан Шадияр Байтеновпен жүздескен үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, елдегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қоғам өміріне үлкен серпіліс әкелуді көздейтін бағдарламаның Заңдардың үстемділігін, қоғамдық келісімді, әділдікті, болашаққа деген талпынысты нығайтуға бағытталып отырғанын айтқан үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

«Бүгінде «Nur Otan» партиясы алдағы атқарылар жұмыстары мен бағыт-бағдары айқындалған, Елбасымыз, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен алдағы жылдары халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулығын, өмір сүру үрдісін жақсарту, білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын оңалту бағыттарында атқарылатын жұмыстарға күш салуға шақырды. Өйткені, «Nur Otan» партиясы – нағыз халықтық партия екенін күн санап дәлелдеп келеді» деді еңбек ардагері Шадияр Байтенов.

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

0
0
191

Еще по теме

ТҮРКІСТАН – МАҚТААРАЛ: МӘЖІЛІС ҮМІТКЕРІ МАҚТААРАЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ - Yvision.kz