ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР МАҚТААРАЛДА
Халықтың мұң-мұқтажы, ұсыныс-пікірлері жинақталған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Мөлдір Бақытжанқызы Мақтааралға келді. Жергілікті мәслихатқа үміткер Меруерт Даубаева мен Гүлмира Орақбаевалармен біргелікте Мырзакент кентінің тұрғындары Ким Вера Николаевна мен Пасова Любовь Ивановнаның үйінде болып «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясын өткізді.
Стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқан партияның құрылған алғашқы күнінен бастап біргелікте еңбек етіп келе жатқан еңбек ардагерлері елдегі қол жеткізілген әрбір жетістік пен тарихи сәттердің куәсі екендіктерін айтты.
«Мемлекетіміздің өркендеуі мен елдің игілігін мақсат еткен бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылса, Қазақстанның болашағы зор болатынына күмән жоқ. Өйткені, халықтың жағдайын жақсарту – партиямыздың алға қойған басты мақсаты» деді Мөлдір Бақытжанқызы.
Кездесу соңында мырзакенттік аналар «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын айтып, жасалып жатқан мемлекеттік қамқорлықтарға алғыстарын білдірді.
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
