ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚҰРЫЛАДЫ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жетекшілік ететін «Nur Otan» партиясы Қазақстан Рсепубликасындағы көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейдегі бағдары айқын және даму барысы дараланған шынайы демократиялық үдерістерге сай партия. Партия төрағасы партия құрылған алғашқы сәттерден бастап «Nur Otan»-ның жұмысына басымдық беріп, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелерге партияның араласуына жол ашып келді. Соның негізінде партияға қарасты филиалдардың жұмысы жанданып, партияның Саяси кеңесі мен Бюро мүшелерінің, бастауыш партия ұйымдарының жүйелі жұмыстарының арқасында тұрғындардың әлеуметтік, экономикалық мәселелері оңтайлы шешілуде. Бүгінде партияның қатарын белсенді, бастамашыл, білімді жастармен толықтырып, ел ісіне жастарды жұмылдыру ісіне байланысты Достық ауылдық округінің Қалшораев елді мекенінде тұратын еңбек ардагері, ІІ топ мүгедегі Әділхан Әбдіраевтың шаңырағында болды. Аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Әбдіманап Байдуллаев бастаған үміткерлер «КАНВАССИНГ» шарасы аясында өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндірілді. Ұсыныс-пікірі тыңдалды.
Жүздесу барысында әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше назар аударуды қолға алған «Nur Otan» партиясы «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары арқылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға жұмыс жасап келеді. Бұл мақсатта алдағы 5 жылда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны 100%-ға қамтамасыз етуге және келесі жылдан бастап мүгедек адамдардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, онлайн режимінде көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге, сондай-ақ, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қолдау көрсетуге ықпал ететін болады.
Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегеннен кейінгі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде бүгінде үміттер мен сенім жүгін арқалаған «Nur Otan» партиясының беделінің күн санап артып келе жатқанын айтқан үміткерлер 10 қаңтар күні өтетін сайлауда қолдау білдіруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
