ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ
“Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Нұршаев пен Тимур Адамбеков Достық ауылдық округіне қарасты Қалшораев елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер батыр ана Рахима Айтбаеваның үйінде болды. “КАНВАССИНГ” шарасы аясында өткен шарада қос кандидат та “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Ал, көпбалалы батыр ана пандемия тұрғындарды табыстан айырғанын алдыға тартты.
Әлеуметтік сала бойынша көтерілген мәселе бойынша кандидаттар ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Карантиндік кезеңге байланысты кірісін уақытша жоғалтқан 25 мың азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленген болса, 5 500 мыңнан астам азаматтың коммуналдық шығыстары өтелген. 12 453 мүгедек жандарға, 1 474 мүгедек балаларға, мүгедек күтімімен айналысатын 964 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтапаған жұмыспен қамту шарыларына тартылған 5 044 азаматқа әлеуметтік көмек төленіп, 10 129 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіліпті.
Мұнан бөлек, «Түркістан біргеміз» волонтерлық тобы арқылы 4400 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілсе, 100 отбасыға қажетті дәрі-дәрмектер, 200 мыңнан астам медициналық бетперде мен антисептик жеткізілген. Мұндай жұмыстар партияның жоспары бойынша алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Осындай ілкімді істерді жүзеге асырып келген партияны қолдап, 10 қаңтарда өтетін сайлауда дауыс беруге шақырған үміткерлер сайлауға қатысудың жауапкершілігін түсіндірді.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
