Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «КАНВАССИНГ» – ЖЕКЕЛЕГЕН ПІКІРЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ

2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау науқанына дайындық жұмыстары күн өткен сайын қыза түсуде. Үгіт-насихат жұмыстары қарқын алып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін топтастыру, партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында үміткерлер елді мекендерде кездесулер өткізуде.

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Бірлік ауылдық округіне қарасты Қоңырат елді мекенінің тұрғыны, ауыл биі Омар Сариевтің үйінде болды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында өткен шарада кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басымдықтарына тоқталды. Ауылдың жағдайына байланысты ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ауыл ақсақалы бірінші кезекте жастарға арналған тұрақты жұмыс орындарын ашу мәселесін көтерді. Кеңестік кезеңде жұмыс істеген зауыттардың бәрі бүгінде жекешелендіріліп, сатылып немесе жабылып кеткен. Соның салдарынан қазір ауылда жұмыссыздар саны артқан екен.

Көтерілген мәселеге байланысты кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылғанын айтты.

Алдағы 5 жылда ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жаңа кәсіпорындар санын арттыруды қолға алған партия өзінің сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу, аудандағы шаруа қожалықтарына берілетін ағын судың баға тұрақтылығын сақтап, арзандату, 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 өңдеуші кәсіпорын іске қосу арқылы 8 мыңнан аса жұмыс орнын ашуды, жұмыссыздық деңгейін 5,1%-ға төмендетуді жоспарлап отыр.

Кездесу соңында 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

0
0
160

Еще по теме

ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: «КАНВАССИНГ» – ЖЕКЕЛЕГЕН ПІКІРЛЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ - Yvision.kz