ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КАНДИДАТТАР КЕНТТЕРДІ АРАЛАУДА
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Берік Шампиев пен Асылбек Ауезов «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Атакент кентінің тұрғыны Үмбет Турешовтың шаңырағында болды. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бағдарламада бағамдалған басымдықтарға тоқталды. Алдағы 5 жылда медицина мен білім, агросектор, мәдениет пен әлеуметтік салаларда атқарылар жұмыстардың жоспарымен бөлісіп, ұсыныстарын тыңдады. Сұрақтарына жауап берді.
Ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімді сақтап, бүгінгі жетістіктерге жетіп отырған Қазақстан халқының сенімін арқалаған «Nur Otan» партиясының жұмысына жоғары бағасын берген Үмбет Турешов 10 қаңтар күні өтетін сайлауда партияға қолдау білдіріп, отбасымен дауыс беретіндіктерін жеткізді.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
