ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КАНДИДАТТАР АТАКЕНТТІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Әділ Жұмаділлаев пен Жасұлан Қолдасов Атакент кентінде орналасқан N14 колледжде кент тұрғындарымен кездесті.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес өткен шарада партияның бастамасымен қолға алынып, жүзеге асқан бірқатар бағдарламалардың нәтижелері айтылып, кандидаттар алдағы 5 жылда атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарларымен таныстырды. Сайлауалды бағдарламадағы 7 басымдықтың негізгі мақсаттарына тоқталды. Тұрғындармен еркін форматта әңгіме жүргізіп, сұрақтарына жауап берді. Ауылдар мен елді мекендерді көркейту, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті көтеріп, әлеуметтік салаға басымдық беру мәселелерін айтқан кент тұрғындарының ұсыныстарын жазып алып, жауапты сала мамандарымен тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтқан үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенділікпен қатысып, “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
