ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КАНДИДАТТАР ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ержан Сыдықов пен Ақмарал Тельходжаева «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Қарақыр елді мекенінің тұрғыны, еңбек ардагері Жаппар Датқаевтың шаңырағында болды.
Үміткерлер кездесу барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдығын түсіндіріп, мемлекеттің даму тарихындағы партияның рөліне тоқталды. Партия бүгінде ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құруды ерекше қолға алып отырғандығын айтқан кандидаттар «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыру мәселелері бойынша да нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Сонымен қатар, партия сайлауалды бағдарлама негізінде 2025 жылға қарай ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз ортаны 100%-ға қамтамасыз етуге қол жеткізуге, 2021 жылы мүгедек адамдардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, онлайн режимінде көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қолдау көрсетуге ықпал ететін болады.
Осы және өзге де салаларда атқарылатын жұмыстардың жоспарларымен таныстырған үміткерлер 10 қаңтарда өтетін саяси додада «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
