ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫҒАН ЖЕРДЕ КЕДЕЙШІЛІК БОЛМАЙДЫ
10 қаңтар күні өтетін сайлауға байланысты жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары барысында Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекенінің тұрғыны Бейсенбай Өтеулиевтің үйінде болды. Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, 7 басымдыққа тоқталды. Әлеуметтің әлеуетін көтеру мақсатында кәсіпкерлік саласын дамыту керек екендігін сөз қылып, оның жолдарын бірге талқылады.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша кемінде 10 жобаны іске асыруды, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде бизнеске кредит берудің тиімді жолын пайдалануға, сондай-ақ, жаңа кәсіпкерлік объектілерін ашу үшін несие бойынша пайыздық ставканы төмендетуге, туристік саланы дамыту мақсатында жаңадан қонақ үйлер мен демалыс орындарын, сауда орталықтарын ашуға ықпал ете отырып жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандар санын 11,5 мыңға, ал, ондағы жұмыскерлер санын 15 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр.
Жаңа өткізу нарықтарын, оның ішінде Өзбекстан Республикасының шекара маңындағы өңірлерімен және ТМД елдерімен сауда-саттық жолдарын реттей отырып, аудандағы шағын және орта бизнесті дамытуға күш салуды жоспарына енгізген «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалының жұмысына оң баға берген Бейсенбай Өтеулиев партия бастамаларын қашан да қолдайтынын жеткізді.
#NurOtanғаДауысБер
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
#Nur_Otan_Turkistan
#NurOtanMaktaaral
#Saylau2021
